Қазір елімізде жастардың сырттан келген дәстүрлі емес діни ағымдарға, экстремизмге, терроризмнің шырмауына еріп кетуі белең алып отыр. Сондықтан қазіргі халықтың дінге қызығушылығы артып отырған тұста мемлекеттің саясатын, дін туралы ұғымды, дін туралы заңды түсіндіру халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу ауадай қажет болып отыр. Осыған байланысты 6-шы ақпан күні қалалық әкімшілік, «Бала қажы» мешіті бас имамы Махмуд қажы Нұрұлы және Діни істер департаменті Қан тапсыру орталығында кездесу өткізді. Бұндай рухани кездесу 17 ақпан күні Политехникалық колледжінде студент жастармен өткізілген семинармен жалғасты. Кездесу барысында жастарға жат ағымдар туралы видеороликтер көрсетіліп, нақты түсініктер берілді. Жалпы кездесулердің мақсаты:жалпы халыққа, жастарға діни экстремизм, терроризм ұғымдары сынды шырмауы туралы түсінік беру. Басқа ағымдардағы ұйымдарға жастарымыздың еліктеуіне тосқауыл қою. Келтірілген фактілер, мысалдар арқылы жеке тұлғаның санасына діни экстремизмнің алдын – алу бағыттарын қалыптастыру, жастарымыздың бойына рухани құндылықты сіңіру.
[gallery link="file"]Үгіт насихат жұмысы ауадай қажет
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы