Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті мешітінде жұма намазы қарсаңында қуанышты әрі тағылымды оқиға орын алды. Өзге ұлт өкілі өз еркімен Ислам дінін қабылдап, кәлима шәһадат айтып мұсылман болды.
Мешіт қызметкерлері діни рәсімді жүргізіп, Ислам дінінің негізгі қағидалары, мұсылманның міндеттері мен рухани құндылықтары жайында кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жаңа мұсылманға дін туралы пайдалы ақпараттар беріліп, ізгі тілектер айтылды.
Асыл дініміздің мейірім мен бейбітшілікке үндейтін құндылықтары адам жүрегіне жол тауып, иман нұрының таралуына себеп болуда. Мешіт жамағаты жаңа мұсылманға ақ жол тілеп, Алладан иманын берік етуін сұрады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы