Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде «Жат сенімге жол берме» тақырыбында уағыз-насихат жүргізілді. Аталған бағыттағы түсіндіру жұмыстары мешітте апта сайын тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Уағыз-насихат жұмыстарының мақсаты – жамағаттың діни сауатын арттыру, жат ағымдардың ықпалынан сақтандыру және дін мәселесінде сенімді дереккөздерге жүгіну мәдениетін қалыптастыру. Діни білімді білікті мамандардан алу, күмәнді ақпаратқа сақтықпен қарау және ел ішіндегі бірлікті сақтау – осы бағыттағы жұмыстың негізгі өзегі.
Жат ағымдардың алдын алуда жүйелі түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Осы орайда «Нұр» мешітінде жамағатқа дәстүрлі діни құндылықтарды түсіндіру және діни мәселелер бойынша дұрыс бағыт-бағдар беру жұмыстары жалғасын табуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы