Center Image
IHSAN.KZ
Медресе шәкірттері ұстаздарға құрмет көрсетті
Медресе шәкірттері ұстаздарға құрмет көрсетті

Ұстаздар күніне орай Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің жанындағы “Олжас Есенұлы” атындағы қайырымдылық орталығының шәкірттері ұстаздарға құрмет көрсетті.


Іс-шара барысында шәкірттер ұстаздардың құрметіне мерекелік дастархан жайып,  ұстаздарға арналған жүрекжарды тілектерін жеткізіп, арнайы сыйлықтарын табыстады.


Мешіт имамы Сайлау Жұмағұлұлы шәкірттерге білім алудың және ұстазды құрметтеудің маңыздылығын түсіндіріп, ізгі ниеттері үшін алғысын білдірді.


Шара барысында шәкірттер ұстаз еңбегінің қадір-қасиетін сезініп, білімге деген ынталарын арттыра түсті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz