Center Image
IHSAN.KZ
«Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында аталар мектебімен басқосу өтті
«Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында аталар мектебімен басқосу өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында аталар мектебімен тағылымды басқосу өтті. Игі шараны мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы ұйымдастырып, жиын барысында отбасы құндылығы, ұрпақ тәрбиесі және қоғамдағы ақсақалдардың орны жайында уағыз-насихат айтылды.

Кездесу барысында ақсақалдар қауымы өз ой-пікірлерін ортаға салып, жастар тәрбиесі, бірлік пен сыйластықтың маңызы жөнінде тағылымды әңгімелер қозғады. Сондай-ақ, өнегелі отбасының қоғам тұрақтылығындағы рөлі кеңінен сөз болды.

Басқосу дастархан басында жалғасып, жиналған көпшілік еркін форматта сұхбат құрып, рухани әңгіме өрбітті. Осындай кездесулер үлкендердің тәжірибесін кейінгі буынға насихаттап, ұлттық әрі рухани құндылықтарды дәріптеуге оң әсерін тигізуде.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz