Нұр мешіті жанынан ұйымдастырылған «Құран және тәжуид» курсы өз жалғасын табуда. Аталған курсқа қала тұрғындары қатысып, қасиетті Құранды дұрыс әрі көркем оқудың ережелерін үйреніп жатыр.
Сабақ барысында шәкірттерге араб әріптерін дұрыс дыбыстау, тәжуид қағидаларын меңгеру, Құран аяттарын қатесіз оқу секілді маңызды бағыттар үйретілуде. Сонымен қатар, қатысушыларға Құран оқудың әдебі мен рухани маңызы да түсіндіріліп келеді.
Курс мешіт ұстаздарының жетекшілігімен тұрақты түрде өткізіліп, әрбір қатысушының деңгейіне қарай жеке көңіл бөлінуде. Шәкірттердің Құранға деген қызығушылығы артып, білімдерін жетілдіруге деген ынталары байқалады.
Осындай игі бастамалар тұрғындардың діни сауатын арттырып, жастардың рухани тәрбиесіне оң әсерін тигізуде. Мешіт ұжымы алдағы уақытта да діни-ағартушылық бағыттағы шараларды жалғастыра бермек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы