ҚМДБ-ның жылдық жоспары аясында Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде «Әйел – адал қоғамның тірегі» атты тағылымды форум өтті.
Рухани-танымдық бағыттағы басқосуға өңірдің әйел жамағаты қатысып, отбасы құндылығы, әйел тәрбиесі, рухани кемелдену және қоғамдағы әйелдің орны сынды маңызды тақырыптар кеңінен қозғалды.
Форум барысында «Зәру білім» академиясының негізін қалаушы Ақниет Диханбай әйел адамның бақытты әрі нәтижелі өмір сүруіндегі уақытты тиімді басқарудың маңызы жайында пайдалы мәліметтермен бөлісті. Спикер күнделікті өмірде уақытты дұрыс жоспарлау арқылы отбасы мен жеке дамудың тепе-теңдігін сақтаудың жолдарын атап өтті.
Сонымен қатар Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызы «Бақытты әйелдің басты кілті – иман мен Аллаға деген сенім» екенін терең түсіндіріп, жамағатқа рухани насихат айтты. Ұстаз өз сөзінде әйел адамның көркем мінезі мен сабыры – берекелі отбасының негізі екендігін ерекше атап өтті.
Тағылымды жиын соңында келген қонақтарға арнайы сый-сияпаттар табысталып, қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Форум әйел жамағатының рухани дамуына серпін беріп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы