
Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамдары Дархан Кәрсембай және Бекболат Қосмағамбетов Жезқазған аймағында бір апта уағыз-насихат жүргізіп қайтты. «Дініңді-сақта, дәстүрді-сатпа, сенімді-ақта» деген тақырыпта Жезқазған және Сәтбаев жастарымен егемендік алғаннан бергі әр түрлі діндер мен ағымдардың кіруі жайлы әңгіме қозғады. Сол ағымдардың ықпалына түскен жастарымыздың адасуы тұрғысында түсініктер берді. Ислам діні бейбітшілік, ешкімге зорлық зомбылық жасауға үгіттемейтін дін екені жайлы айтып және қатысушылар тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерін басшылыққа ала отырып қанағаттанарлық түрде жауаптар қатты.
ҚМДБ-ның бастауымен құрылған ақпараттық насихат тобы апта бойы Жезқазған мен Сәтбаев мешіттерінде күнделікті ақшам, бесін намазынан кейін уағыз жүргізіп отырды.
«Жүректен шыққан сөз, жүрекке жетеді» демекші бар сезімге беріліп, айтылған уағызды жамағат өте ерекше ден қойып тыңдады. Уағыз барысында Исламның құндылықтарын айтып жеткізді. Исламның ешқандай келіспеушілікті, айтыс тартысты, бір-біріне қақтығысты қаламайтын бейбітшілік дін екенін баяндады. Қазіргі таңда маңызды болып отырған діндегі шариғи мәселелерді шолып өтті. Еліміз Егемендік алған кезде, дін бостандығы берілген кезде, әр түрлі діндер мен ағымдардың келгені жайлы сөз қозғады. Және де Әбу Ханифа мазхабының ерекшеліктеріне, өміршеңдігіне тоқталды. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға ерекше ықыласпен жауап берілді.
Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы