Ақпан айының 14-ші жұлдызы қасиетті жұма күні рухани байлық сыйлайтын, Мәуліт мерекесі Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде аталып өтілді. Мереке барысында мешіт асханасында 120 адамға ас беріліп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сүйікті тағамдарының бірі құрма таратылды. Бұл айда Мәуліт оқудың алар орны да ерекше екені баршамызға мәлім. Оны Жалалуддин ас – Суюти (р.а.): «Бір үйде немесе мешітте Пағамбарымыздың (с.а.у) мәуліті оқылса, сол үйдің немесе мешіттің адамдарын періштелер қоршап алады, олардың барлығына Аллаһ тағаланың рахметі жауады және үйіне нұрмен оралады. Себебі, періштелер Пайғамбарымызға (с.а.с.) мәуліт оқығаны үшін ол адамға салауат айтып тұрады», —дейді.
Бас имам Нуров Махмуд қажы Нұрұлы барша қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтады. Ауқымды іс-шараға Қарағанды өңірі бойынша өкіл имам Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы қатысып біршама уағыз-насихат айтып, жұма намазын өткізді. Жиналған жамағат бір-біріне жақсы тілек білдіріп тарқасты.
Мәуліт айы мүбәрәк болсын
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы