Күндердің ең ұлығы – қасиетті Жұма, яғни 2014 жылдың 14-ші ақпан күні Балқаш қаласының мешітінде қайырымдылық шарасы өтті. Балқаш қаласында жалпы білім беретін типтік мектеп – интернаты коммуналдық мемлекеттік мекемесінде біліммен сусындап, ата-ана мейірімінен мақұрым қалған, аз қамтылған, отбасы жағдайы төмен, көп балалы отбасының балалары білім алады. Осы аталмыш мекемеде ата-анасы жоқ он алты бала және ата-ананың қамқорынан тыс қалған жатып оқитын балаларға қамқорлық көмек жасап кілем төсеніштерімен қамтыды. Бұл шарада Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Аманжолов Марат қажы Құрбанбекұлы балаларға жақсы жағдай жасап, балалардың бөлмелері жылы ұядай жайлы болуы үшін қамқорлық, қолдау көрсетті. Аталған мекемелердің қызметкерлері көрсеткен көмектері үшін ризашылықтарын, ыстық ықыластарын білдірді.
[gallery link="file" columns="4"]Жұма күнгі қайырымдылық
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы