Ислам – бейбітшілік діні. Түсіністікке, өзара ынтымаққа ұмтылу Ислам дінінің өзіндік ерекшелігі, артықшылығы десек, артық айтқандық емес. Өзге дін өкілдері мен барлық ұлт-ұлыстарымен тіл табысып, тату-тәтті өмір сүруі, өркендеуі осы сөзіміздің айқын дәлелі. Ислам дінінің өзегі – әлемдердің Раббысы, жер мен көктің Жаратушысы болып табылатын серігі жоқ жалғыз Аллаһқа құлшылық қылу және Аллаһтың да, адамдардың да, пенденің өзінің де ақыларын қорғау, құқықтарын қастерлеу. Осындай қағидамен Аллаһ Тағала әр кезеңдерде Пайғамбарлар жіберіп отырды. Барша Пайғамбарлардың ақырғысы Мұхаммед (с.ғ.с.) болып табылады. Қайбір адам болмасын, үнемі рухани ізденіс үстінде болары сөзсіз.Ал,материалдық құндылықтар төрге шығып,ғылым мен техника қарыштап дамыған мына заманда рухани нәр іздеу жолында жұрт жиі жансақтыққа ұрынып, тіпті адасуға ұшырап жататындықтары жасырын емес. Себебі, елді адастырып, туралықтан ауытқыту арқылы саяси немесе экономикалық мүдделерін жүзеге асыруды қалайтын топтардың қолдан жасап отырған түрлі жалған діни ағымдары мен ілімдері жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Ал, бұл елдің ауыз бірлігіне қауіп төндіреді, мемлекеттің іргесін босатады, әлсіретеді. Бұл дүниенің өзінде адамзатқа пайда келтіре алмаған ағымдар ақіретте пенденің кәдесіне жарайды дегенге санасы сау, ақылы бүтін адамның сенбесі анық. Қазіргі таңда ислам дінін ақыл және логикаға толықтай сәйкес келетiн өте түсiнiктi дiн екенiне баса назар аударған заманауи тұлғалар мұсылмандықты қабылдап жатыр. Осындай бір игі шаралардың бірі Балқаш қалалық мешітіне келген неміс ұлт өкілі 1985 жылы туылған Майер Евгений Викторович ислам дінін қабылдады. Ислам дінінің артықшылықтарын түсіндіріп, уағыз-насихатын жүргізген Балқаш қаласының бас имамы Аманжолов Марат қажы Евгенийге кітап сыйға тартты. Аллаһ Тағала былай деген: «Бүгін діндеріңді толықтырдым. Сондай –ақ, сендерге дін етіп Исламға разылық білдірдім». (Мәйдә сүресі, 3) Басқаша айтқанда, Аллаһтың разылығы, адамзат үшін кемел етіп берген нығыметі Ислам діні арқылы көрініс тапқан. Мұхаммед Пайғамбар (с.ғ.с.) Аллаһтың соңғы Елшісі, Пайғамбарлардың соңғысы, одан кейін пайғамбар келмек емес. Сондықтан, кімде-кім оған ілессе тура жол табады, екі дүниенің де амандығына, бақытына қол жеткізеді. Аллаһ Тағала былай деген: «Аллаһқа және оның пайғамбарына бойұсыныңдар! Егер одан бас тартсаңдар, ол өзіне жүктелгенге жауапты, сендер өздеріңе жүктелгене жауаптысыңдар. Бірақ, оған бойысұнсаңдар, тура жол табасыңдар» (Нұр сүресі,54) Осылайша, Ислам –дін атаулының түйіні, сенім атаулының сұлтаны ретінде берілді. Бұл жол- бұрынғы пайғамбарлардан бастап күні бүгінге дейін үздіксіз жалғасып келе жатқан құлшылық жолы, бір ғана Алла Тағалаға ғибадат ету жолы. Адамзат –жер бетінде Алла Тағаланың орынбасары болуға лайықталған ұлық жаратылыс, сондықтан ол бір Алла Тағалаға ғана құлшылық қылуы керек те, басқа дүниелік құмарлардан, Аллаһтан басқаға құл болудан биік тұруы тиіс.
[gallery link="file"]Мұсылмандардың қатары артуда
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы