Center Image
IHSAN.KZ
ҚарМТУ студенттерімен кездесу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен аз уақыт ішінде халқымыздың рухани дүниесін байыту жолында көптеген елеулі іс-шаралар атқарылуда. Сондай тағылымды қызметтердің қатарында бас мүфтиіміздің ұсынған бағыты бойынша Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетінде студенттермен кездесу өткізілді. Оған облыстық мешіттің наиб имамы Арыстан Теңесов, дін істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің  бас маманы Токушева Меруерт Тулубайқызы және ҚарМТУ жастар бөлімінің төрағасы Талғат Олжас қатысып, Отансүйгіштік, бауырмалдық, адалдық пен шыншылдық, білім алудың артықшылықтары, ата-анаға құрмет етудің екі дүниедегі сауабы мен адамгершілік қасиеттері турасында насихат айтты. Рухани келісімнің мәні мен маңызы түсіндірілді. «Адамазаттың бәрін сүй, бауырым деп» - деген қағиданың өміршеңдігін уағыз өзегіне айналдырды. Қазіргі уақыттағы түрлі ағымдардан бойды аулақ ұстауды еске салған наиб имам жастардың дінімізге, салт-дәстүрге қатысты қойған сауалдарына жауап берді. Адам баласы қашанда дінге зәру. Әрбір адам жаратылысындағы осы бір қажеттілікті жасанды сенімдермен емес, ақиқат дініміздің екі өмірімізге пайдалы тұстарымен сабақтастырып дәріптеудің жолын жоспарлы түрде жасап отырған облыстық мешіттің діни қызметкерлері алдағы күндері өзге де оқу орындарымен бірлесе отырып ортақ іс-шаралар атқармақ.

[gallery link="file" columns="2"]

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Тотия Енсебаева



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz