Балқаш қаласындағы №16 орта мектебінде 13.02.2014 жылы ұрпақ тәрбиелеу ісіне байланысты «Қазақстандық патриотизмнің қалыптасуы» атты кездесу болып өтті. Кездесуге Балқаш қаласының мешітінің жалпы және жастар ісі бөлімінің жетекшісі Сейдалиев Досбол, аталмыш мектеп директоры Үміт Сартаева, тарих пәні мұғалімі Абдина Торғай, қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Олжас Айтжан және мектептің 9–сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында жастар мен жасөспірімдер арасында экстремизм мен терроризм ойларының таралуына жол бермеу үшін Отанға деген құрмет пен өзара сыйластықты, патриоттық сезімдер мен жауапкершілікті насихаттауымыз және рухани тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды көптеп ұйымдастыруымыз керектігі жайлы сөз қозғалды. Сонымен қоса, Отан алдында әскери борышын өтеуге дайын, денсаулығы бар, шынайы патриот жас ұрпақты тәрбиелеу және жастарымыздың бойында әскери-патриоттық тәрбие қалыптастыру, отансүйгіштікке баулу мақсатында дін өкілі пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін айтып, уағыз-насихат жүргізді. Еліміздің ертеңі жастар демекші, ертең жастарымыз елімізге, дінімізге адал қызмет ету үшін ислам дінін түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру бүгінгі қоғамда өмір сүріп отырған баршамыздың басты міндетіміз деп білеміз. Оқушылардың қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар берілді.
[gallery link="file" columns="1"]Жастармен жұмыс жалғасын табуда
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы