Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфтидің Саудияға сапары
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ресми сапармен Сауд Арабиясына барды. Діни басқарма делегациясын бастап барған Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қажылық министрлігінің Жидда қаласындағы басқарма жетекшісі Абдолла Марғұланимен кездесті. Тараптар ресми басқосуда қажылық сапарында қызмет көрсету жұмыстарын талқылап, пысықтады. Тараптар өзара келісім-шарт құжатына қол қойды. ҚМДБ төрағасы сапар барысында Транспорт департаменті бастығының орынбасары Әл Яманимен кездесіп, өзара ынтымақтастық құжатына қол қойды. Сонымен қатар, Ержан қажы Малғажыұлы Түркия қажылары мен Еуропа мұсылмандары департаментінің жетекшісі Тарық Анкауи мырзамен жүздесіп, басқосуда қажылық кезіндегі қызмет сапасын жетілдіру жұмыстарын сөз етті. [gallery link="file"] www.muftyat.kz

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz