Бұрын қандай ең, қазағым, айтшы затың кiм?
Ұлысы болған иманды ақын-батырдың.
Ал бүгiн елiм шайтани iске шатылдың,
Қасиетсiз күнiн мереке қылып кәпiрдiң,
Бiрiңдi бiрiң күнә жолына шақырдың!
Үйдегi барлық үлкен-кiшiге сый адам, Жеңгеме сый қып дәл осы күнi кей ағам. Үлгiсi болар балапанға ұшар ұядан, Ақ махаббаттың құрбаны болған кешегi, Қыз Жiбек-Баян аруақтарынан ұялам!
Тәрбие болған жалғасып келген ғасырдан, Қылықтыларым сезiмiн жұрттан жасырған. Ал бүгiн елiм некесiз ары ашылған, Ұл менен қызын ұялмай үлкен-кiшiден, Көшенi кезiп бiрiне бiрi асылған!
Қызында қазiр қызығатұғын жоқ қылық, Ұлдарың-канден, бөрi емес қарар көкке ұлып. Жүректен өшкен бабадан қалған оттылық. Некесiз туған күнәға батқан ұрпақтан, Қателiк болар табылар деуiң тектiлiк!
Күздей қып сорып солдыратұғын көктемдi, Көктемнен калған қуаныш па екен көп белгi. Мұсылман деген кәпiрдiң iсiн жек көрдi. Арсыздың күнiн арыңды былғап тойлама, Жастарым менiң, ойланатұғын шақ келдi!
Жасұлан КЕНЖЕБЕК
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы