Осакаровка аудандық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызы ұйымдастыруымен «Мейірімділік үйі» қарттар үйіне арнайы зиярат жасалып, қайырымдылық шарасы өткізілді.
Игі шара барысында қарттар үйіндегі қарияларға киім-кешектер таратылып, оларға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарға жылы лебіздер айтылып, рухани қолдау білдірілді.
Қариялар мен мекеме қызметкерлері ұйымдастырылған қайырымдылық шарасына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы