Center Image
IHSAN.KZ
Баба мұрасы – балаға аманат
Баба мұрасы – балаға аманат

Баба мұрасы – балаға аманат2014 жылдың ақпан айының 10-і күні №8 мектеп қабырғасында қазақ халқының рухани тұтастығын қалыптастырған, түркі халықтарының рухани ұстазы Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың хикметтері мен ілімін насихаттау мақсатында    «Яссауитану» сайысы өтті. «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерінде адамдарды әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, тазалық секілді игі істерге шақырған. Осы мақсатқа сай дәстүрге айналып келе жатқан білім додасына №2, №7 қала мектептерінің, №8, №8, №16, №24 мектеп гимназияларының оқушылары қатысып, өз білімдерін сынға салды. Жас яссауитанушыларға қойылған талаптар 1. Байқауға қатысушылар Қожа Ахмет Яссауидің 15(он бес) хикметін мұқият жатқа білуі тиіс. 2. Қожа Ахмет Яссауи есімімен байланысты аңыз хикаяларды білуі тиіс. Байқау әділқазылары болып Балқаш қалалық мешіттің найб имамы Тусупбеков Асылхан, қалалық білім бөлімінің әдіскері Асемханова Гүлнар Базылханқызы тағайындалып, оқушылардың қандай дәрежеде білімге ие екендіктеріне көз жеткізе отырып, ең талаптарға сай болған 3 оқушының білімін жоғары бағалады. «Яссауитану» сайысының жүлдегерлері: І-орын- Ерланова Диана №7 мектеп гимназияның 8-сынып оқушысы ІІ-орын- Бүркітбай Дастан №16 мектептің 10сынып оқушысы ІІІ-орын-Ергалиева Аяулым №2 Абай атындағы лицей оқушысы



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz