Наурыз айының басында Австралияда ең алғашқы Ислам мұражайы ашылады. Мельбурн қалашығында ашылатын мұражайдың 32-жастағы директоры Мұстафа Фахур (Moustafa Fahour): қонақтарымыз ислам әлемінің көпшілікке таңсық дүниелерімен танысуға мүмкіндік алады,-дейді. Мұражайдың бір бөлімі Австралиядағы ислам тарихына, яғни, алғашқы индонезиялық саудагерлердің Австралияға жасаған саяхатына арналса, жинақталған жәдігерлердің келесі бөлігінде Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмірі мен мұсылман қауымындағы жаһандану үрдісі көрініс табады. Бұл мұражайдың әр кірпішінің қалануына себепкер болған Мұстафа Фахурдың отбасы мүшелері мұражайдың ішінде орын алатын жәдігерлердің бүге-шігесіне дейін ойластырып, тіптен келген қонақтарға эвкалиптердің жанынан араб елінің тәтті-тағамдарынан дәм татуға арнайы орын да қарастырған. Сонымен қатар, бұл мұражайдың ілім іздеген жандарға берері де мол екен. Себебі математика, әдебиет, шахмат және т.б. салаларда жаңалықтар ашқан мұсылман ғалымдардың тізімі мен тарихы ұсынылған. Muslimvillage сайты хабарлағандай, тұрғылықты халық наразы болған мұражайдың салынуындағы басты мақсат: БАҚ жылдап қалаған стереотипті бұзып, Ислам дінінің айқын бейнесін халыққа жеткізу. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні, бұл мұражай «білгенге маржан, білмегенге арзан» болғалы тұр.
[gallery link="file"]Тұңғыш Ислам мұражайы Австралияда
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы