Center Image
IHSAN.KZ
Бұқар жырау ауданында бой көтеретін жаңа мешіттің орны белгіленді
Бұқар жырау ауданында бой көтеретін жаңа мешіттің орны белгіленді

Бұқар жырау ауданында жаңа мешіт салынатын жер телімі белгіленіп, осыған байланысты арнайы жиын өтті.

Жиынға Бұқар жырау ауданының әкімі Құсайын Ерлан Бейсембайұлы, аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Ерлан Мамайұлы және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кездесу барысында аудан аумағында бой көтеретін жаңа құлшылық үйінің орны белгіленіп, мешіт құрылысына қатысты бірқатар маңызды мәселе талқыланды. Сонымен қатар алдағы атқарылатын жұмыстар мен құрылыс барысына қатысты жоспарлар сараланды.

Жаңа мешіттің бой көтеруі – аудан тұрғындары үшін маңызды рухани бастамалардың бірі. Құлшылық үйі жамағаттың діни рәсімдерді орындауына, рухани білім алуына және түрлі игі шаралардың өткізілуіне мүмкіндік беретін маңызды орынға айналмақ.

Жиын соңында тараптар жаңа мешіт құрылысына қатысты жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру жөнінде пікір алмасты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz