Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің дүниеге келген айы – Мәуліт айына орай жамағатқа арналған рухани-мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Тағылымды кештің негізгі мақсаты – Пайғамбарымыздың ﷺ өнегелі өмірін, көркем мінезін, адамзатқа қалдырған өсиеттерін кеңінен насихаттап, жамағаттың рухани білімін арттыру.
Іс-шара барысында Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-нің өмірбаянына қатысты сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдерін сынады. Танымдық ойын арқылы сахабалар, пайғамбарымыздың ﷺ өміріндегі маңызды оқиғалар мен өнегелі тұстар кеңінен еске алынды.
Кештің арнайы қонағы ретінде Мәуліт жырын оқуға атсалысқан Аманжолов Сұлтан қатысып, рухани кештің көркін келтірді. Мәуліт жыры оқылып, жамағатқа ерекше рухани әсер сыйланды.
Сонымен қатар, кеш барысында Пайғамбарымыздың ﷺ үмбетіне деген мейірімі, сабырлылығы, кешірімділігі мен көркем мінезі сөз етіліп, барша жамағатты оның ﷺ өнегелі жолынан үлгі алуға шақырған тағылымды ойлар айтылды.
Мәуліт – Пайғамбарымыз ﷺ-ды еске алып қана қоймай, оның көркем мінезін бойымызға сіңіріп, сүннетін өмірімізге үлгі етуге себеп болатын берекелі ай.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы