Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде жамағатқа «Дін мен дәстүрдің сабақтастығы» тақырыбында тағылымды насихат айтылды.
Жиында мешіт имамы Митератбек Орынбекұлы дініміз бен ұлттық дәстүріміздің өзара сабақтастығы, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерінің ислам құндылықтарымен үндестігі жайында кеңінен түсіндірді.
Сонымен қатар, ата-бабамыздан аманат болып жеткен өнегелі дәстүрлерді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды сақтау, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету және имандылықты берік ұстанудың маңызы айтылды.
Жамағатқа пайдалы рухани мағлұмат беріп, күнделікті өмірде дін мен дәстүрді үйлесімді ұстануға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы