Абай ауданына қарасты Топар кентіндегі «Жұмабек Тәшен» мешітінде жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық шарасы барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетілді. Мешіт ұжымы мен жамағаттың ұйымдастыруымен 10 балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен керек-жарақтары дайындалып, табысталды.
Акцияның басты мақсаты – балалардың жаңа оқу жылын алаңсыз бастап, қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне жағдай жасау, сондай-ақ қоғамда қайырымдылық пен өзара көмек құндылықтарын кеңінен насихаттау.
Ізгі шараға мешіт имамы Мұрсали Қаленұлы жетекшілік жасап, қайырымдылық жасау – елдің бірлігі мен берекесін арттыратын сауапты амал екенін атап өтті.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы