Қазіргі таңда қазақ жұртында мазһаб ұстанбайды деген назармен қарайтын «салафиттер» деп аталатын ағым бар. Олар бұрынғылар талқыға салып ара жігін айқындап қойған кейбір тақырыптарды, бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналдыруда. Діни сауаты төмен, қарапайым халықтың басын қатыруда. Олар өздерін «салафиттердің жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» - дейді. Салафиттер дегеніміз кімдер? Өздерін «салафиттерміз» деп жүргендер, шыныменде салафтар ма? Сонда олардың ғана жолы дұрыс болғаны ма? Осыған байлансты 5-ақпан күні бірнеше діни өкілдер абақтыда өз жазаларын өтеуші азаматтармен жүздесу өткізілді. Шараның мақсаты Діни экстремизм, тағы сол сияқты жат ағымдардың алдын алу. Кездесуге Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің найб имамы Дариев Берік Әлсейітұлы, діни экстремизм басшысы және Дін істер департаментінің орынбасары қатысты.
[gallery link="file"]«Бала қажы» мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы