Қасиетті Мәуліт мерекесі – Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыздың туған күнін атап өту, Саран қалалық мешітінде жыл сайынғы дәстүрге айналған. Мәуліт (арабша) – қазақша «туылған күн» деген мағынаны білдіреді. Мәуліт айы, бүкіл әлемге рахымдылық ретінде жіберілген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дүниеге келген айы. Мәуліт бүкіл мұсылман әлемінде мейрам түрінде өткізіледі. Мәуліттің құрметіне, яғни пайғамбарымыз Мұхамемедтің (с.ғ.с.) туған күніне арналып мешіттерде уағыз айтылып, намаз оқылады, мұқтаждарға садақа таратылады. Міне, осы істі перзенттік парыз ретінде қабылдаған Саран қалалық мешітінің бас имамы Мұқаметқали қажы Сапарғалиұлының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесіне арнап мешітте жиналған мұсылмандарға және арнайы шақыртылған ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға мерекелік дастархан жайылып, ас берілді. Шара барысында бас имам М. Саликов жиналғандарды Мәуліт мерекесімен құттықтап, уағыз айтты. Сонымен қатар, дастархан басына жиналған барша қауымға және жетім балаларға арнап материалдық көмек таратылды. Жыл сайын мешітке қол ұшын беріп, демеушілік жасап жүретін қала азаматтарына бас имам мешіт алқасының атынан алғысын білдірді. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың туған күні - Мәуліт мейрамында жамағатқа ұлы Алланың рахымы, пайғамбарымыздың зор шапағаты тие берсін!
[gallery link="file" columns="4"]Саран қалалық мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы