Үгіт-насихат тобының кезекті кездесуі қаламыздағы ТЖӨҚҚ қызметкерлерімен жүздесумен жалғасты. 50-ге жуық әскери қызметкерлер қатысқан жиында наиб имам Мұсағали Аясұлы ағымдар жайлы ақпарат беріп, олардың бет-бейнесін ашып көрсетті. Насихат барысында дін мен дәстүр сабақтастығын айқындап, дінбасымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің басымдық беріп отырған үш бағытындағы отансүйгіштік пен қайырымдылық негіздерін уағызға өзек қылды. Қатысушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға толыққанды жауап берген наиб имам қазіргі таңдағы насихат барысында неліктен ағымдар мәселесі қоса айтылатындығын да түсіндіріп өтті. Әр уақыттың өз сынағы болатыны секілді ағымдар жайы да біртұтас болып отырған елдің арасына «от» тұтатқысы келетіндігін жеткізді. Сондықтан «бықсып жүрген шалалардың өртке ұласып» кетпеуі үшін алдын-ала жүргізіліп жатқан сақтандыру шаралары екендігіне тоқталды.
[gallery link="file" columns="2"]Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы