2014 жыл 31 қаңтар күні сағат 16:00-де Балқаш қаласының №2 Абай атындағы мектеп-лицейінде кездесу өтті. Жиынға Балқаш қалалық мешіттің Бас имамы Аманжолов Марат қажы, қалалық білім бөлімінің әдіскері Асемханова Гүлнар Базылханқызы, лицейдің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Имухаметова Салтанат Сабитқызы және қалалық №5, №7, №8, №9, №15, №16 мектеп, гимназиялардың 9-сынып оқушылары қатысты. Кесдесудің басты тақырыбы – экстремизмге қарсы күрес. «Діни экстремизм» дегеніміз – қоғамдағы дәстүрлі діннің құндылықтарын жоққа шығару. Қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Дәстүрлі дінге жат «идеяны» белсенді насихаттау. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіпті түрі – діни ұранды бүркемелеп ұлттар және діндер арасына от қойып, шағыстыру. Осы орайда уағыз-насихат айтып, діни теріс ағымдарға ермеуге шақырып, Бас имам Марат қажы балаларға экстремизм жайлы айтып берді. Экстремизм дегеніміз не? Оның қандай қауіптері бар? Соның барлығына жеке – жеке тоқталып түсінік бере кетті. Оқушылардың түйсігінде жүрген сұрақтарға бас имам тұшымды жауаптар берді.
[gallery link="file" columns="2"] Балқаш қалалық мешітінің баспасөз хатшысы Айтымбетова Г.СДіни экстремизмнің таралуын алдын алу
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы