Center Image
IHSAN.KZ
Жылдық жоспар құрылды
Жылдық жоспар құрылды

Жылдық жоспар құрылдыЖылдық жоспар құрылды Бұқар жырау ауданының орталық мешітіне аталмыш ауданға қарасты ауыл молдалары жылдық жоспар құруға жиналды. Бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы ауыл молдаларының жұмысына жеңілдік туғызатын бір жылдық, алдыға қойған бағдарламасын таныстырды. Бағдарламада кездесулер, семинарлар, дөңгелек стөлдер, т.б. ағымдағы жұмыстардың тақырыбын атап өту уақытын көрсетті. Сондай-ақ аудан имамы Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасы бойынша үш бағытта басымдылық таныту керек екендігіне тоқталды: 1. Дін мен Дәстүрге қайшы көз қарас ұстанатын қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегіне топтасуға күш салу; 2. Уағыз - насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке бірлік пен ынтымаққа шақыру; 3. Қайрымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру. Осы аталған шаралар және ҚМДБ-ның бекіткен тақырыбы бойынша жұма уағызын жүзеге асыруды тапсырды.

Бұқар жырау ауданының баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz