Center Image
IHSAN.KZ
«Мұғалім сәни» кітабын тарату жобасы
«Мұғалім сәни» кітабын тарату жобасы

«Мұғалім сәни» кітабын тарату жобасы«Мұғалім сәни» кітабын тарату жобасыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен, мешіт-медреселерге «Мұғалім сәни» кітабын тарату жобасы қолға алынды. Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Жаримбетов Мұхит «Құран оқудың артықшылығы» тақырыбында уағыз айтты. Кейін жұма намазынан соң, келген жамағатқа «Мұғалім сәни» кітабы үлестірілді. Кітапша араб тіліне бастапқы қадам жасаған бастаушылар мен Құранды мәнерлеп оқуды үйренем деушілерге тәжуидтің негізгі қағидалары мен ұғымдарын ашатынына нық сенімдеміз. Алланның рақымына бөленіп, үмбеттің абзалына айналам деушілерге бұл кітапша ілім жолының бастауы болады деген үміттеміз.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы: Райымбекова Ақерке



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz