
Қасиетті жұма, 31 ақпан күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы, облыс бойынша ақпарат-насихат тобының мүшесі Тағаев Нұрбол Сайлауұлы Теміртау қалалық мешітіне ауызбіршілік пен татулық имандылықтан бастау алатыны жайында уағыз-насихат жүргізіп қайтты.
Дін – мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Еліміздегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық — дәстүрлі діндердің басты ұстанымы, ал ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтылмасымыз анық.
АНТ мүшесі Теміртауда
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы