Center Image
IHSAN.KZ
Тағылымды кездесулер жалғасын табуда

Асыл дінімізге деген ақиқат жолды дұрыс таныту мен теріс ағымдардың ықпалынан сақтандыру шаралары жүйелі түрде атқарылып келеді. Пришахтинскідегі ІІБ қызметкерлерімен өткен кездесуге қатысқан наиб имам Ермахан Оралбай діни экстремизм мен дінаралық татулық турасында насихат жұмыстарын жүргізді. Ислам дінінің адамзатқа міндеттейтін шарттарының бірі - ел тыныштығы мен бірлігі жайлы аят, хадистерден мағлұмат келтірді. Қарағанды гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесуге наиб имам Айыпхан Думан Рысбекұлы қатысты. Кездесу барысында жастарды отансүйгіштік пен ұлттық дәстүрлерге деген құрмет сезімдерін күшейту мен рухани бауырластықты кеңінен түсіндірді. Өз кезегінде қатысушылардың сауалдарына жауап беріп, жастарды жат ағымдардан сақтануға шақырды. Алдағы күндері осындай ағартушылық мақсаттағы кездесулер өзге де мекемелерде кесте бойынша өткізілетін болады.

[gallery link="file" columns="2"]

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz