Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфти жетімдерге сый жасады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматының іргесіндегі Қапшағай қаласында «Кәусар» жетім балалар үйінде болды. 73 жетімді қамқорына алған мекеме басшыларымен кездесті. Оқуда озат, игі іс-шараларда белсенді, жүзден жүйрік шыққан 5 балаға жазғы сауықтыру, демалыс орталығына тегін жолдаманы сыйға тартты. Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет Мәуліт мерекесінің билетін үлестірді.

Бір сағатқа созылған кездесуде бүлдіршіндер Бас мүфти алдында өз өнерлерін паш етті. Жетім балалар үйінің қызметкерлері Бас мүфтидің бұл қадамын жақсылыққа балап, алғыс-тілектерін жаудырып жатты.

[gallery link="file" columns="4"]

www.muftyat.kz


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz