Center Image
IHSAN.KZ
Дубайда қасиетті Құранда айтылған өсімдік түрлері жиналды
Дубайда қасиетті Құранда айтылған өсімдік түрлері жиналды

Дубайда қасиетті Құранда айтылған өсімдік түрлері жиналдыҚасиетті кітапта сөз болған барлық өсімдік түрін Дубайдағы Құран саябағынан тамашалауға болады. Аталмыш саябақ келесі жылдың қыркүйек айында ашылып қалуы мүмкін. Өсімдік түрлерінің көбісі кәдімгі болғанымен олардың қандай қасиетке ие екенін, ерекшеліктерін елдің бәрі біле бермейді.

Қасиетті Құранда 54 өсімдік түрі сөз болады. Олардың арасында сарымсақ, пияз, жасымық, арпа, сұлы, зімбір, асқабақ, қарбыз, т.б. бар.

«Олардың отыз бірін құрылыс жұмыстарының екінші кезеңінде отырғыздық. Әлі отырғызылмаған жиырмасы бар. Саябақта жер бетінде кездеспейтін олардың үшеуі болмайды»,- деді аталмыш жобаны қолға алған департаменттің директоры Мұхаммед Машрум.

Ыстық жақта кездесе бермейтін өсімдіктердің он бес түрі арнайы оранжереядан орын алды. Әр экспонаттың жанына олардың ерекшеліктерінен сыр шертетін тақтай қойылады.

Аталмыш жобаға жеті миллиондай қаржы жұмсалғанын айта кету керек.

«Жалпы ауданы – 64 гектар; алдағы алты айдың ішінде қалған 32 гектарын игеретін боламыз. Өзге де құрылыс жұмыстарын жүргіземіз»,- деп уәде етті ол.

Құран саябағында балалар ойнайтын алаң, ашық аспан астындағы театр, «шөлдегі бау-бақша», пальмалы оазис және көл, сондай-ақ, жүгіретін әрі велосипедпен жүруге арналған жол болады. 

muslim.kz

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz