Мейірімді рақымды Алланың атымен бастаймын.
Ислам діні адам баласын мейірімділік пен рақымшылдыққа бастайтын тура жол. Бұл жолды ұстанған адам баласы өзін танып, жаратқан иесі Алла Тағалаға мадақ айтып өмірдің мәнісін түсінеді. Осы жолды мирас етіп қалдырған адамзаттың асылы, пайғамбарлар сұлтаны Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) салауат айтып, өмір тарихын білу әрбір мұсылман баласының борышы. Жұма күні, Саран қалалық мешітінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) салауат айтылып, мәуліт оқылды. Пайғамбарымыздың өмір тарихынан уағыз айтылып ақсақалдар келген жамағатқа батасын берді. Алла Тағала адам баласын нәсіліне, ұлтына бөлмей барлық жаратылысқа мейіріммен жәрдем етуді бұйырады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жетім көрсең жәрдемдес» - деген. Осы қағиданы ұстанған мешіт алқасы мәуліт дұғасынан кейін мешіт асханасында жетім балалар және көп балалы жанұяларға жәрдем жасап, жүз адамға арнайы ас берді. Ұлы бабамыз Мәшһүр Жүсіп айтқандай:
Жақсыға сырыңды айтсаң толғанар шер, Көркейіп, жаңбыр жауса, нұрланар жер. Халық – жұрттан раушан болып дұға тисе, Түзеліп маңдай беті, оңдалар ер!Ас соңында ата - баба аруақтарына құран бағышталып, бас имам Мұқаметқали қажы бата берді.
[gallery link="file" columns="2"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы