Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфти елшіні қабылдады
Бас мүфти елшіні қабылдады

Бас мүфти елшіні қабылдадыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Стивен Милларды қабылдады.Бас мүфти елшіге діни кадр дайындау барысы, уағыз-насихат, мешіттер мен медреселердегі оқу-ағарту жұмыстары туралы баяндап берді. Ержан қажы Малғажыұлы елімізде тұрақты өтіп келе жатқан әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезінің дінаралық татулықты қалыптастырудағы рөлі мен маңызын сөз етті. Сонымен қатар, Діни басқарма 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялағанын жеткізіп, осы бағытта атқарылар ауқымды шаралармен бөлісті. Бас мүфти Стивен Милларды баршаға ортақ болған мәселелер төңірегінде ой бөлісуге, адамзатты алаңдатқан түйіткілге бірлесе тосқауыл қоюға шақырды. Елші Қазақстан мен Канада елдері арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас пен қос мемлекеттің ортақ мүдделестігі туралы әңгімеледі.Тараптар өркениеттер арысындағы діни татулықты нығайтудың өзектілігі жайлы әңгіме өрбітті.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz