
Бүгін, яғни қаңтар айының 22 жұлдызында ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі, Қарағанды облыстық орталық мешітінің Бас имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы кезекті жиналыс өткізді. Мәжіліс басында жиналған дін қызметкерлеріне өкіл имамҚазақстан мұсылмандары діни басқармасының үстіміздегі жылдан бастап үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық көрсету керек екендігін, бұл туралы ҚМДБ Төралқа мәжілісінде талқыланып, Бас мүфти бекіткені жайлы атап өтті.Ержан қажы Малғажыұлы күн тәртібіне қойған мәселелер легі мынадай:
1. Дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегіне топтасуға күш салу;
2. Уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру;
3. Қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру.
Қазіргі заман, мыңнан озық, жүйріктердің заманы екені белгілі, сол себепті өкіл имам облыстың қала, аудан имамдарына заманның талап деңгейіне сай қызмет атқаруды тапсырды. Аталған үш бағыт бойынша жұмыстарды ерекше ықыласпен орындап, жауапкершілікті сезінулері қажет екендігін ескертті. Өйткені келер ұрпақтың алдында біз бәріміз жауаптымыз. Атқарылған жұмыстар туралы бекітілген уақыттан кешіктірмей есептер беру жайлы ұйғарым жасалды.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
Тотия Енсебаева
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы