Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында:
«Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар», – деген. Сондықтанда әр жылы айтізбесінің рабиғ әл-аууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулiтiн мерекелеп, Алла Тағала бізді өзiнiң сүйiктi Пайғамбары хазіреті Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмметi етiп жаратқанына шүкір айтып, сүйiктi хабибiне жамағат болып салауаттар айтуымыз құптарлық іс. Пайғамбарымызға салауат айтудың сауабы мол. Мәуліт жиынында салауат айтылғаны өте жақсы. Мәулітті салауат мағынасында түсіну де орынды. Мәуліт жиындарының арқасында ел пайғамбарымызды жақыннан тани түсіп, махаббаттары арта берсе нұр үстіне нұр. Қазiргi таңда бұл мейрам көптеген мұсылман елдерiнде аталып өтiледi.
Мәулiттiң атап өтілуіне кезінде ислам ғұламалары жоғары баға берді. Имам Науауи: “Жыл сайын Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туылған күнiне сәйкес келетiн осы күндерде iстелетiн садақалар, амру-маъруф және адамдардың бойынан көрiнетiн көркем мiнездiлiк пен қуанышты iстер осы заманымыздың ең жақсы жаңалығы”, - деген.
Мәуліт мерекесі қарсаңында ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні Балқаш қалалық мешітінің бас имамы Аманжолов Марат қажы көмекке мұқтаж жандарды мешітке шақырып, көмек қолын созды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ға салауат айтып, құран оқыды. Көмекке мұқтаж, мүгедек кемтар отбасыларға демеушілердің көмегімен азық-түлікпен, күнделікті керек-жарақтармен қамтамасыз етті. Мұқтаж жандар өз ризалықтарын білдіріп, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) –ға құран бағыштап, салауат айтып, ұлықтады.
Əр бір жылғы мəуліт мейрамында мына дүниені түнектен арылтушы адамзаттың мақтан тұтар тұлғасы Мұхаммед (с.ғ.с.)-ға салауат айтып, оның өнегелі өмірін ардақтап, оның сүннетінен қуат алып жаңаша түлеу Исламның шоқтығын биіктете түсетіні анық. Лайым, Мұхаммед (с.ғ.с.)-ның үмбеті саналар қазақ жұртшылығы да осы мəуліт мейрамындағы рухани нəрден сусындап, келешегін кемелді етсін һəм қасиетті мəулітте Хақ-Тағаланың құт-берекесі арта берсін деп тілейміз!
[gallery link="file" columns="2"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы