Center Image
IHSAN.KZ
Колледждегі ата-аналар жиналысы
Колледждегі ата-аналар жиналысы

Колледждегі ата-аналар жиналысыКолледждегі ата-аналар жиналысыБалқаш қаласындағы Қазақмыс корорациясының политехникалық колледжіне 17 қаңтар күні студенттер және ата-аналармен кездесу болып өтті. Кездесуге колледж директоры Сыздықова Айгүл, Балқаш қаласының бас имамы Аманжолов Марат қажы, күндізгі бөлім меңгерушісі Сыздықова С.Т, психолог Куттыбаева М.К, топ жетекшілері, ата-аналар қатысты. Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орыны, жат қылықтардың және діни экстремизмнің алдын алу жолдары жайында талқыланды. Сыздықова С.Т.: Бала тәрбиесі ата –ана үшін күрделі де жауапты міндет. Тәлім –тәрбиелік жарасымдылық колледж бен ата –ана , әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Осы мәселеге ата –аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалысу керектігін айтып, алар асуымыздың биік болары сөзсіз деп сөзін аяқтады.

Сөз алған Балқаш қалалық мешіттің бас имамы Марат қажы: Ата-бабаларымыз дінге лайықтап өз әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны ұрпақтан ұрпаққа мирас етіп отырған. Әйтседе, егемендік алған жас мемлекеттің рухани бірлігіне нұқсан келтіруді көздеген өзге ағым өкілдері елімізге жан-жақтан ағыла бастады. Осы жат ағымдардан сақ болуға шақырып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с) «тал бесіктен жер бесікке дейін ілім үйрен» дейді. Сондықтан да шыр етіп дүние есігін ашқаннан нәресте бүкіл ғұмыр жолында білім алуға ұмтылады. Сол жолда ауыл мен қалаларды аралап, тегін діни кітаптар таратып жүрген миссионерлердің құрығына түсіп қалмауы үшін ақыл-есі толысқан әр азаматтың діни сауаты болғаны жөн. Бұған дейін бөлімнің ұйымдастыруымен экстремистік және лаңкестік көріністердің алдын алу, олардың қоғамдағы зардабы туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру мақсатында дебат ойындары, танымдық кештер, тәрбие, сынып сағаттары өткізілген. Болашақта осы жұмысты әрі қарай жалғастыра береміз.-деп сөзін аяқтап, студенттер мен ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар ата-аналар балаларын қырағы қадағалап, келеңсіз жағдай, сұрақтар туындаған болса, қалалық мешітке хабарласуларын айтты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz