Center Image
IHSAN.KZ
ҚМДБ: күн тәртібінде күйіп тұрған үш мәселе
ҚМДБ: күн тәртібінде күйіп тұрған үш мәселе

ҚМДБ: күн тәртібінде күйіп тұрған үш мәселе (ФОТО)Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2014 жылдан бастап үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық бермек. Бұл туралы ҚМДБ Төралқа мәжілісінде талқыланып, Бас мүфти бекітті. Ержан қажы Малғажыұлы күн тәртібіне қойған мәселелер мынадай: 1.    Дін мен дәстүрге қайшы көзқарас ұстанатын, қоғамға лаң салып, бүлік тудырып жүрген жат ағым өкілдерін табанды түрде даналық жолымен мүфтият төңірегіне топтасуға күш салу; 2.    Уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, жұртымызды ізгілікке, бірлік пен ынтымаққа шақыру; 3.    Қайырымдылық іс-шараларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру. «Құрметті өкіл имамдар, Діни басқарма қызметкерлері! Осы аталған үш бағыт бойынша жұмыстарды ықыласпен, жауапкершілікпен атқаруларыңыз қажет. Қазіргі заманның талап деңгейінен көріне білуіміз керек. Ұрпақ алдында бәріміз жауаптымыз», – деп шегеледі Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы. Атқарылған жұмыстар туралы ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевке әр аптаның сейсенбісінде есеп беру жайлы ұйғарым жасалды. ҚМДБ баспасөз қызметі  


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz