Center Image
IHSAN.KZ
Біз ең үздік бестіктеміз
Біз ең үздік бестіктеміз

Біз ең үздік бестіктемізОблыстың бас имамдары 2013 жылда атқарған іс-шаралар туралы Бас мүфтиге есеп бергені белгілі. Сенімге сергек қарамай, жауапкершілік жүгін сезіне алмай жүрген өкіл имамдар сын садағына іліккендер де бар. Тірлігі тындырымды, тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындайтындар бар екен. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан іскер имамдардың ісіне «өте жақсы» деген баға берді. Сол үздік бестіктің ішінде Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бар. Бұл дегеніңіз, Қарағанды облысы бойынша жұмыстың уақытылы, ұқыптылықпен орындалып отырғанының белгісі.

Төралқа мүшелері сауапты да, жауапты жұмыста жақсы нәтиже көрсеткені үшін облысымыздың бас имамын алғыс хатпен марапаттау туралы шешім шығарды.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Тотия Енсебаева


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz