Center Image
IHSAN.KZ
Ресей студенттері қонақта

Қазақстан Республикасының Президентінің Н.Ә.Назарбаев екі елдің қарым-қатынасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының оқу орындарының арасында келісім бойынша студенттерімен алмасу акциясы жүргізілуде. Акция барысында қаламыздың Полетехникалық колледжі студенттері былтырғы жылдың күз айында Екатеринбург қаласы жанындағы Первоуральск қаласына барып жергілікті колледжінде сабақ алған болатын. Ресей Первоуральск металлургия колледжінің бірнеше студенттері қаламызда білім алуда. Білім алумен қатар қаламыздың көрікті жерлерін аралаумен болды. Мәуліт қарсаңында Первоуральск металлургия колледжінің бірнеше студенттері Карағанды политехникалық колледжі жастар ісі комитетінің төрағасы Бекмурзаев Бахтияр Перналыұлының бастауымен Қарағанды облыстық орталық мешітіне арнайы экскурсия жасады. Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Құрманов Серік студенттерді қарсы алып, Ислам жайлы көкейінде жүрген сан алуан сауалдарға жауап берді. Сұрақ-жауап барысында студенттер «мешіттің осыншама әдемі көркем екен білмеппіз» - деп ойларын жеткізді. Экскурсия соңында алған әсерлерімен бөліскен студенттері мен жетекшілері алдағы уақытта да Алла үйіне келетіндерін қуанышпен жеткізді. [gallery link="file"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы: Райымбекова Ақерке


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz