Алланың сүйікті Елшісі, ең соңғы әрі ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) дүниеге келген Мәуліт айы биыл 12 қаңтарда басталды. МешіттеріміздеАллағамадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауатайтылып, Біздер үшін ең үлкен рақымдылық – адамзаттың асылы болған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.). Жаратушы иеміз қасиетті Құранда: «Біз сені күллі ғаламға тек рақымдылық ретінде жібердік» - деп білдірген.
Ардақты елшіміздің өнегелі өмірінен сабақ алу- мұсылман қауымын Аллаһ тағалаға шынайы құл, Оның елшісіне ақиретте мақтан тұтарлық үмбет болдым ба деген ойға жетелеп, мұсылмандығына қайта көз тастауына сеп болары сөзсіз. Мұсылмандардың осындай игі мақсат үшін бір жерге жиналуы араларындағы бауырластықтың күшеюіне де жол ашады.Салауат айтылып, Құран оқылған жерде Алланың нұры төгіледі. Балқаш қалалық мешітінің бас имам Марат қажы Құрбанбекұлы мешітте жұма намазының алдында мәуліт айының кірумен құттықтап, бұл айда жасалған әрбір ізгілікті істің екі дүниедегі пайдасын кеңінен түсіндіріп өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тарапынан бастау алып еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтетін мәулітке арналған іс-шаралардың негізгі мақсатын баяндады. Қазастан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының мерекелік құттықтауын жеткізді. Осыдан соң мұсылман қауымының ерекше сезіммен өткізетін елеулі күні жұма намазының алдында жамағатпен бірге мәуліт оқылды. Мәулітті мешітің бас имамы Марат қажы Құрбанбекұлы, найб имамдар Тусупбеков Асылхан қажы және Ақбанов Нұрхан оқыды. Өз кезегінде жамағат тік тұрып ардақты елшіміз Мұхаммед с.ғ.с-ға құрмет етті. Салауат айтылып, сәлем жолдап болған соң Бас имам Марат қажы елімізге амандық, дінімізге қуат, Алла тағала бiзге дiни бiрлiк, имандылық, салауаттылық, татулық берсiн.! Отбасыларыңызға қуаныш, айрандай ұйып отырған халқымыздың ынтымағын Аллаһ тағала ұзағынан сүйiндiріп, Аллаһ тағала халықтарымызға амандық, жерiмiзге тыныштық берсiн. Пайғамбарымыз өсиет еткендей тазалық пен имандылықты ту етейiк. Лайым береке, бiрлiк биiгiнен көрiнуді тілеп дұға жасады.! Әмин!
[gallery link="file"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы