Center Image
IHSAN.KZ
Мәуліт айында уағыздар жалғасуда

Қасиетті Мәуліт айы қарсаңында адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтудың орны ерекше. Осы қасиетті айды сауапқа толы өткізу мақсатында, біраз мешіттерімізде қасиетті жұма қарсаңында имамдарымыз Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмір тарихынан уағыздар айтып, осы айдағы жасалатын сауапты амалдар жөнінде мағлұматтар берді. Найб имам Түсіпбеков Ерлан Сәрсенұлы Доскей ауылы мешітінде уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп, жұма намазын өткізсе, найб имам Қайрат Серкебай Сортировкада «Ақыт қажы» мешітінде уағыз айтып барша жамағатты мәуліт мерекесімен құттықтап қайтты. Ал найб имам Үсенов Жолбарыс әскери бөлімше де уағыз-насихат жұмыстарын жалғастырды.

Мәуліт мүбәрак болсын! Құрметті ағайын!

[gallery link="file"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz