Күллі мұсылман қауымы адамзаттың абзалы болған, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесін тәлім мен тәрбиеге толы рухани басқосуларда атап өтуде. Мешіттерімізде Аллаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтылып, Тәуелсіз еліміздің рухани тұтастығы мен халықтар бірлігі үшін дұға жасалуда. Жер-жерде сауапты да, салауатты іс-шара – мәуліт кешін ұйымдастыру жалғасын тауып келеді. Жылдағы дәстүр бойынша Қарағанды облыстық орталық мешітінде де, жұма күні, яғни қасиетті мәуліт күні жамағатқа бұл мерекенің маңызы түсіндіріліп, мәуліт оқылды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің ұстазы Тағаев Нұрбол Қазастан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының мерекелік құттықтауын жеткізіп, бұл күннің берер сауабын да халыққа түсіндіре алды. Ардақты ағайын! Шарапаты мол мәуліт мерекесі халқымызға құтты болсын. Осынау айтулы мейрамның аясында Алла Елшісін (с.ғ.с.) көбірек танып, өсиеттерін тереңірек түсінуді нәсіп етсін. Осы мереке адамдар арасындағы рақым-мейірімнің, имандылықтың, бауырмалдықтың арта түсуіне бір сеп болғай. Пайғамбардың (с.ғ.с.) әміріне мойынсұнып, тыйымынан тыйылуға түрткі болғай.
[gallery link="file" columns="2"] Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Тотия ЕнсебаеваМәуліт мерекесі құтты болсын
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы