Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) туылған айы Рабиғуль әууаль айы кіргелі, Қарағанды облыстық орталық мешітінде сүннет амалдарын жаңғырту мақсатында жамағатқа «Әжетхана әдебін жақсы білесіз бе?», «Хиджама», «Мисуак», «Сүннет амалдары» тақырыптарында бүктемелер таратылуда. Хадисте: «Кімде-кім Пайғамбарымыздың сүннетін жаңғыртса 100 шахидтың сауабы жазылады» - делінген. Пайғамбарымыздың сүннетін орындай отырып, осы амалдарымыз әдетке айналса деген ниеттеміз.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің
баспасөз хатшысы:
Райымбекова Ақерке
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы