Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы берген бір сұхбатында: «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді», – деп дана халқымыз текке айтпаған. Осынау алмағайып заманда мұсылмандардың басын біріктіріп, ел игілігі мен бірлігі секілді ортақ мақсаттарға жұмылдыру басты назарда болмақ. Расында да, жері кең, ал саны аз қазақ халқына ауызбіршілік керек. Ол үшін бірігіп іс жасауымыз қажет.», - деп айтып өтті. Ұлы Жаратушымыз Қасиетті Құранда: «...Жақсылыққа, тақуалыққа жәрдемдесіңдер. Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты» (Мәида сүресі, 2-аят), – деген. Ал алаштың ардақты азаматтарының бірі Әлихан Бөкейханов бабамыздың: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады», – деген сөзі бар.
Осы мақсатқа орай бүгін, яғни 2013 жылдың желтоқсан айының 25-ші жұлдызында Балқаш қаласындағы медициналық колледжінде кездесу болып өтті. Аталған іс-шарада дін өкілдері Балқаш қалалық мешіттің бас имамы Аманжолов Марат қажы, Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Ержан Мәлікұлы және №15 мектеп директоры Дүбірбекова Қарлығаш және колледж студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты дәстүрлі емес діни ұйымдардың теріс пиғылдылығын және экстремизмге қатысты мәселелерін айқындау және оның шешімін табу жолдарын қарастыру болып табылды. Қалалық мешіттің бас имамы Марат қажы сөз сөйлеп, теріс пиғылды діни ағымдардың азаматтарға, қоғамға және мемлекетке тигізетін кері әсеріне аса көңіл бөліп, теріс пиғылды діни ағымдардан сақтануға шақырып уағыз-насихат жүргізді. Студенттердің қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.
[gallery link="file" columns="2"]
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы