Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Бекболат Зүлжалладинұлы Бала қажы мешітіне «Исламдағы жиһад түсінігі» тақырыбында жұма уағызын өткізіп қайтты. Жиһад мәселелеріне байланысты сұрақтарға мардымды жауап беріп, Жиһад – қару алып соғысқа шығу деген түсінікті ғана білдірмейді. Әр мұсылман жиһадты өз басынан бастауы керек. Бұл күрес – нәпсіңді тыю, сауатсыздықпен күресу, тәкаппар болмау, дөрекіліктен ажырау және адамның басқа да исламға тұрпайы келетін мінез-құлқымен күресу, яғни оны жою, керісінше көркем мінезді болу, Пайғамбарымызға (с.ғ.с) еліктеу – деп ислами түсінік берді.
Қарағанды облыстық орталық мешітінің
баспасөз хатшысы
Райымбекова Ақерке
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы