Center Image
IHSAN.KZ
Жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бұйрығымен Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының бас имамы Иманбек Қомарұлын он сегіз жыл бойы дін жолындағы атқарған қызметі үшін алғыс хатпен марапаттап, шапан жауып шығарып салды. Бас мүфти хазіреттің бұйрығымен Ақтоғай ауданының имамы болып Жакеш Ғалым тағайындалды. Қарағанды облыстық орталық мешітінің өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы Ақтоғай ауданында қасиетті жұма күні жиналған жамағатқа «Исламдағы жиһаттың түсінігі» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жұма намазынан кейін халыққа жаңа имамды таныстырды.

Жакеш Ғалым – «Нұр Астана» медресесінің түлегі. Ақтоғай ауданының жаңа келген білімді жас имамға дінімізді көркейтуде табандылық пен қажымас қайрат тілейміз.  

[gallery link="file"]

Қарағанды облыстық орталық мешітінің

баспасөз хатшысы

Райымбекова Ақерке


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz