Center Image
IHSAN.KZ
Уағыз-насихат

Желтоқсан айының 10-шы жұлдызында Қарқаралы ауданына қарасты Жаңатоған, Жамбыл, Нүркен ауылдық мектеп оқушыларымен діни семинарлар өткізілді. Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, Ислам дініміздің бой көтеріп, қуантып келе жатқан шағы. Түрлі жалған, жасанды ағымдардың тұс – тұстан Ислам дінінің атын жамылып ынтымағы ұйыған халқымыздың берекесін алуда. Халқымыздың қазақия салт – дәстүрімізді сақтап қалу мақсатында дініміз Исламның бірлігін және хақтығын уағыз - насихат ету жоспарланған еді. Сол жоспармен Қарқаралы ауданы Құнанбай қажы мешітінің Бас имамы Әміржан Әшімұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркін Әлжанұлы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Бауыржан Асқарұлының қатысуымен Жаңатоған, Жамбыл, Нүркен елді мекендерге ат басын тіреген болатын. Жиналыста діни ағымдар жөнінде уағыз айтылып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға аудан Бас имамы Әміржан Әшімұлы мен ере келген топ мүшелері терең ойлы жауаптар қайтарды. Діни сауаттылықтан сусындаған ауылдық мектеп оқушылары көңілдері шат – шадыман болып ықыласпен тарасты. Ауыл әкімі ат басын тірей келген аудан басшыларын марапаттап, ізгі құрмет көрсетіп, сыйлап шығарып салды.

[gallery link="file" columns="2"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz