Center Image
IHSAN.KZ
Қазақстанда ең биік таулы мешіт бой көтерді
Қазақстанда ең биік таулы мешіт бой көтерді

Қазақстанда ең биік таулы мешіт бой көтердіЕнді ең биік таулы мешітті, Шығыс Қазақстанда Белуха тауының етегінде орналасқанын көре аламыз.

Салынған мешіт Қағбадан 7 мың шақырым қашықтықта жатыр. Қазіргі таңда, теңіз деңгейінен 1760 метр биікте орналасқан жаңа мешіттің сәні де, сәулеті де өзгеше болып табылады.

«Әл-Құддыс» мешіті Қазақстан Республикасының Шығыс нүктесінде, «Рахманов кілтері» шипажайы аймағында орналасқан. Желтоқсан айының 11 жұлдызында мешіттің ашылу салтанаты өтіп, алғашқы рет азан шақырылып, намаз оқылды. Ашылу салтанатына Өскемен қаласының орталық мешітінің бас имамы Рауан қажымен қоса басқа да имамдар, кент тұрғындары мен қонақтары, шипажайдағы демалушылар да қатысты.

«Біздің республикамыз үшін, облысымыз үшін тамаша күн, елдің шетінде киелі жерде, Белуха тауы баурайында Алла үйі бой көтерді. Құрылысқа атсалысқан адамдарға көп-көп рахмет. Мешітіміз білім мен ілімнің орталығы болсын. Еліміздің ең шығысында орналасқан мешіт болып табылады. Қазақстан бойынша бірінші азан шақырылып, намазға үндейтін осы мешіт болмақ» - деп Ибраһим қажы жүрек жарды лебізін білдірді.

Атап айтатын болсақ, мешіттің салынуына себепкер  «БИПЕК АВТО-АЗИЯ АВТО» компаниясының директорлар алқасының төрағасы Анатолий Балушкин болған. Бұл бастаманы тағы 11 жебеуші қолдап, қолпаштады.

"Әл-Құддыс" мешітінің архетектуралық шешімі Орта Азияның және Иран мешіттерінің құрылысының жөн-жоралғысының синтезі болып табылады. Мешіттің құрылысына ат салысып жұмыс жасаған хорезм шеберлерінің ұрпақтарының жұмыстары, барша Орта Азия бойынша танылған. Мешіт құрылысы 15 метрден тұрады, сегізбұрышты пішінде жасалған, бұл ұғым ислам мәдениетінде игіліктің, бірліктің және әлемнің алуан түрлігінің белгісі болып табылады. Орталық кіре берісті екі минарет толықтырып, ғимаратты жартышарлық күмбез көмкеріп тұр.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің

баспасөз хатшысы

Райымбекова Ақерке


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz