Center Image
IHSAN.KZ
«Дін және дәстүр» ғылыми-танымдық конференциясы болып өтті
«Дін және дәстүр» ғылыми-танымдық конференциясы болып өтті

Бүгінгі таңдағы барша әлемде орын алып отырған көптеген жантүршігерлік қантөгістердің ең басты себептерінің бірі – белгілі бір халықтардың өз туған елінің салт-дәстурлері мен ұлттық құндылықтардан, ата-баба ғұрыптарынан бойын алшақтап, дәстүрлі тарихи мәдениеттерінен мүлдем тамыр үзуі болып отыр. Бүгінгі Қарағанды облысының орталық мешіті, Қарағанды облыстық Дін істер басқармасы және Жалпы және Жастар ісі бөлімімен бірлесе отырып ұйымдастырған «Дін және дәстүр» ғылыми-танымдық конференциясының басты мақсаты-барша адамзат баласына қауіп тудыратын дерттің алдын-алу және жастарымыздың бойына ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін қастерлейтін отаншылдық рухты сіңіру, тарихымызды құрметтейтін, қасиетті Ислам дінімізді сақтау жолында Ханафи мазһабының аясында тәрбиелеу болып табылады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім-біздің басты құндылығымыз»-деген сөзін негізге алып, Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа конференцияда алғашқы болып сөз бастады. Одан кейін, алдын-ала бекітілген бағдарлама кезегімен, ҚМДБ-ның уағыз насихат бөлімінің меңгерушісі Оңғар Ершат, Қарағанды облыстық дін істер басқармасының бастығы Қайрат Қаршығаұлы Нүркенов, Дінтанушы-теолог ҚМДБ-ның АНТ мүшесі Рүстем Сыздықов, Студенттер атынан ҚарММУ студенті Айзат Сатаева жиналған қауымның алдында сөз сөйледі. Әр қозғалған тақырыптың мазмұны, берері мол болды. «Дін және дәстүр» конференциясы Қарағанды облысының жастары арасында үлкен рухани сілкініс үрдістеріне қуатты серпілістегі имандылық пен адамгершілік сипатындағы ізгі қасиеттер дарытқанына тағы бір дәлел, басып шығарылған жаңа «Дін мен дәстүр» кітабы. Бұл кітапта қырыққа жуық шығармалар топтастырылды және үздік шығарма авторлары бағалы сыйлыққа иегерлері атанды. Өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызды қайта жаңғырғандай күй кештік. Конференцияны ұйымдастырушылары мен қатысушылары, келген көрермендердің діттегені-ұлттық табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мазһабымыз және танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді, жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру. Кешегіміздің жақсысынан үйреніп, қазақтың толыққанды ұлтқа, Алаштың іргелі елге айналуы үшін қолдан келгенше үлес қосайық. Жаратқан Хақтан Алаш жұртын іргелі ел етіп, ынтымақ-бірлігі мен имандылығын арттыруын сұраймыз.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы

Тотия Енсебаева

[gallery link="file" ids="3426,3430,3431,3432,3433,3434,3435,3436,3437,3442,3443,3444,3445,3446,3447,3448,3449,3450,3543"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz